Нұр-Сұлтанда “Жүрек жылуы” атты арт-нысан орнатылды

0
309
"Жүрек жылуы" арт-нысаны.

9 шілде күні Нұр-Сұлтандағы “Жүрек жылуы” атты жіптен тоқылған жүрек бейнесіндегі арт-нысан орнатылды. Жобаны дайындау 30 маусымда басталған. Тоқыма нысанды жасауға 70-ке жуық шебер атсалысқан.

“Жүрек жылуы” арт-нысаны.

Аталмыш жоба пандемия кезінде халыққа көңіл-күй сыйлау үшін қойылған. Жобаның ұйымдастырушысы әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мұқышева бұл медицина қызметкерлеріне деген алғыстың бір түрі екенін айтады.

“Жүрек жылуы” арт-нысаны авторларының бірі Рахима Мұқышева.

“Жасыл – табиғаттың түсі. Экологияның, тазалықтың көрінісі іспетті. Пандемия талай адамның түсінігін өзгертті. Біз де халықтың көңіл-күйін көтеруге әрі қолдауға кішкене үлесіміз болсын деп осындай дүние жасадық. Негізі жүректің түсі қызыл. Бірақ қазіргі уақытта барлық өңір “қызыл аймаққа” өтіп жатқанда осы жасыл түсті таңдауды жөн көрдік”, – деді ол.

Жиын соңында Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев идея авторын алғыс хатен марапаттады.

Нұр-Cұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Бейсен Жолболдиев идея авторы Рахима Мұқышеваға алғыс хат табыстады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз