Қазақстанда “жалған вакцина паспортын сатқан” медицина қызметкерлері ұсталды

0
380
Вакцина.

Қазақстанның үш аймағында “жалған вакцина паспортын сатқан” медицина қызметкерлері ұсталды. Бұл туралы жұма күні жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов хабарлады.

“Іс вакцина паспорттарын қолдан жасауға дейін жетті. Кеше ғана үш аймақта соны сатумен айналысқан медицина қызметкерлері ұсталды, олар іс жүзінде екпе алмаған адамдарға құжат жасаған, ал вакцинаны жойып отырған. Өздеріңіз көріп отырғандай, халықтың денсаулығы баюдың құралына айналды, ал бюджеттен бөлінген қаржы желге ұшып жатыр”, – деді Ахметжанов агенттік жиынында.

Ахметжанов бұл тек жемқорлық қана емес, халықтың денсаулығына қауіп төндірген әрекет екенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, Нұр-Сұлтан, Ақмола және Алматы облыстарында медицина қызметкерлері ұсталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз