«Қазгидромет» көктемнің бірінші айына арналған ауа райы болжамын жариялады.
Наурыз айындағы алғашқы онкүндіктің басында және соңында Ресейдің Еуропалық аумағынан келетін суық антициклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн едәуір суытады.
Республиканың кейбір аудандарында фронталдық бөлімдердің өтуіне байланысты қар аралас жаңбыр, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Ауа температурасы: Қазақстанның солтүстік бөлігінде түнде 20…28 дейін аяз, күндіз 10….18 дейін аяз; оңтүстік бөлігінде түнде 0…8 дейін, күндіз 0…5 жылы болып төмендейді.
Оңтүстік циклонның шығуына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылап, кей жерлерде екпінді жауын-шашын болады.
Ай ішіндегі орташа ауа температура нормадан жоғары 1…20С дейін болады, тек Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстанда, Қостанайдың басым бөлігінде және Ақтөбенің солтүстігінде нормаға жуық болады деп болжанады.
Жауын-шашынның айлық мөлшері Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Қарағанды мен Ақтөбенің оңтүстігінде нормаға жуық, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында нормадан асады деп болжануда.
Айлық болжам, 60-65% ықтималдылықпен беріліп, консультативті сипатқа ие, ол 7 және 3 тәулікке түзетілетін болады.