Бакуде өрт салдарынан 24 адам қаза тапты

0
99
АРА

Бакуде республикалық наркология орталығы ғимаратында болған өрт салдарынан, Бас прокуратура мен полиция таратқан ақпарға сәйкес, шамамен 24 адам қаза тапқан. Бұған дейін жергілікті АРА агенттігі елдің денсаулық министрлігіне сілтеме жасай отырып шамамен 30 адамның қаза тапқанын хабарлаған еді.

Үш адам түтіннен уланған, олардың қазіргі жағдайы қалыпты деп хабарланады. АРА таратқан ақпарға сәйкес, шамамен 30 науқас жанып жатқан ғимараттан аман-сау шығарылған.

Наркологиялық орталықтағы өрт жұма күні таңғы сағат 06.00-де басталған. Әзірбайжан Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндіру жұмысының толық аяқталғанын мәлімдеп, өрттің шығу себебі туралы толық ақпар беретіндерін мәлімдеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз