Астана қаласы туралы сериалға кастинг жарияланды

0
71

«Қазақфильм» киностудиясы «Махаббат. Үміт. Астана» атты сериалға кастинг жариялайды. Бұл туралы kazakhfilmstudios.kz хабарлады.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ресейлік «Студия кино» компаниясымен бірлесе отырып «Махаббат. Үміт. Астана» атты сериалдың түсірілімдерін қолға алды.

Елорданың мерейтойына арналып түсірілетін төрт сериалы көркем туынды Ресейдің «Первый канал» телеарнасынан көрсетілетін болады. Сериалдың режиссерлері – Ресейлік Иван Глубоков және отандық Олжас Ермекбаев. Аталған фильм мистика және фантастика элементтері бар мелодрама жанрында түсіріледі. 

«Сериалдың негізгі оқиғасы 60-шы жылдардағы Целиноград қаласында және арман қала ретінде көрсетілетін қазіргі Астана қаласында өрбиді. Елордамыз фильмнің басты декорациясы ретінде пайдаланылып қана қоймай, сонымен қатар, астаналықтармен бірге картинаның басты кейіпкері болмақ. Айтпақшы, фильмге эпизодтық рөлдерге кастинг жарияладық, сондықтан да, сериалға түскісі келген азаматтарға құлаққағыс етеміз», – деді сериалдың режиссері Олжас Ермекбаев.

Режиссердің айтуына қарағанда, кастингке жасы 5 пен 70 жас аралығында барлық қазақстандықтар қатыса алады (ер адамдар, әйелдер және балалар).

Ол үшін casting.astana@mail.ru электронды поштаға келесі ақпараттарды жолдай аласыз:

1. Жақыннан (камераға қарап түскен қалыпты жағдайда және күліп түскен фотография), басынан аяғына дейін түсірілген бет бояусыз, өзгертілмеген, көзілдіріксіз және линзасыз фотосуреттерді;
2. Өзіңіз туралы ақпаратты: аты-жөніңіз, туылған жылыңыз, бойыңыз бен салмағыңыз, біліміңіз, кинодағы тәжірибеңіз туралы мәлімет беретін анкета жолдауыңыз қажет.

«Махаббат. Үміт. Астана» сериалының тұсаукесері 2018 жылдың 6 шілдесіне – Астана қаласы күніне жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз