Ресейдегі сайлауалды дебатта неге шу шықты?

0
108

Ресейдегі сайлауалды пікірталаста президенттікке үміткер екі кандидат  арасында дау шықты. Либерал-демократиялық партиясының лидері Владимир Жириновский әдетінен жаңылмай, Ксения Собчакты тікелей эфирде балағаттады. Ресейдің №1 интриганты Собчакқа қатысты өте тұрпайы сөздер қолданды.

Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфилова президенттік сайлауға үміткер Ксения Собчак пен Владимир Жириновский арасындағы пікірталаста шыққан шуға байланысты мынадай пікір білдірді: 

«Ресейдегі Президенттік сайлауалды пікірталаста орын алған келеңсіз жайттардың барлығы – ішкі этика мен үміткерлердің көрегендігі мен сыпайылығының нәтижесі».

Оның айтуынша, «кандидаттардың мінез-құлқын қадағалауға» сайлау комиссиясының құзіреті жетпейді.

Еске салайық, Ресейде президенттік сайлау бірер аптадан кейін 18 наурызда өтеді.

Сондай-ақ, АҚШ-тың Stratfor сараптама орталығы сайттарында жариялаған баяндамада келесі президенттің Путин болатыны айтылған. «Дегенмен, қазір бұрынғыдай емес, Путинге қарсы оппозиция күшейген», делінген баяндамада.

Ал The Guardian басылымы «Сайлауда Путиннің жеңіске жететініне сенімді халық дауыс бермесе де, ештеңе өзгермейтінін біледі» деген пікірде. «Ресей саясатының бір ерекшелігі – соңғы 25 жылда президенттікке үміткерлердің қатары өзгерген емес. Владимир Жириновский, Григорий Явлинский, Геннадий Зюганов, Путин! Осы тізім көп өзгермейді. Бірақ қазір Кеңес Одағынан кейін туған жаңа ұрпақ сайлауға қатыса алатын жасқа жетті. Сондықтан саясат он жыл бұрынғы қалыпта қалмаған болар», – деп жазады басылым.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз