13 сәуірде қорғаныс министрлігі Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадтың өткізілмейтінін хабарлады.
“2022 жылы Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің құрылғанына 30 жыл толуына және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған әскери парадты өткізу жоспарда жоқ. Сонымен қатар, әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған”- делінген хабарламада.
Алайда министрлік Ұлы Отан соғысының және қарулы күштердің ардагерлерін құрметтеп, ел аумағында 50-ге жуық түрлі шара жасалатынын да мәлімдеді.