Қосшы ауылы қалаға айналды

0
389
Қалаға айналған Қосшы ауылының кіре берісі.

27 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы заңына өзгеріс енгізді. Онда Нұр-Сұлтан маңындағы Қосшы ауылының облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылатыны жазылған. 

“Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын”, – делінген хабарламада.

Бұдан бұрын астанадан небары 12 шақырым қашықтықта орналасқан Қосшы ауылы Ақмола облысына қараған. Орталығы – Көкшетау қаласынан 300 шақырым жерде еді.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз