Қостанайдан Германияға тікелей рейс ашылады

0
86
Air Astana ұшағы.

Air Astana әуе компаниясы келер жылы Қостанайдан Германияның Ганновер қаласына маусымдық тікелей рейсті қайта ашады. Әуе компаниясының хабарламасында рейстер 14 мамырдан 4 қыркүйекке дейін аптасына екі рет орындалады деп жазылған.

Ақпаратқа қарағанда, рейстерді сенбі және жексенбі күндері Airbus A320-да орындайды.

“Әуе рейсі ең алдымен тұрғындардың алыстағы туыстары және достарымен байланысуына арналған. Себебі отандастардың көбі Төменгі Саксония мен көршілес федералды Штаттарда тұрады”, – делінген авиакомпания хабарламасында.

Air Astana Қазақстанның үш қаласы Нұр-Сұлтан, Атырау және Оралдан Франкфуртқа ұшады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз