Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайты хабарлады.
11 желтоқсанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына тоғыз кандидат ұсынды. Дауыс беру Нұр-Сұлтандағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Сайлау қорытындысы бойынша мыналар сайланды:
1. Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі Сауытбек Әбдірахманов
2. Батыс Қазақстан облысы армян этномәдеми “Масис” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Аветик Амирханян
3. Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов
4. Көкшетау қаласы білім бөлімінің “Техникалық лицей” КММ директоры Наталья Дементьева
5. “Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы” ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Юрий Ли
6. “Барбанг” күрдтер қауымдастығы” республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі Вакиль Набиев
7. “Шығыс” шаруа қожалығының жетекшісі, ҚХА мүшесі Шамиль Осин
8. “ЖетісуОблГаз” ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов
9. “Әзербайжан қауымдастығы” республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Абилфас Хамедов.
Дауыс беру нәтижесінде ҚХА-ның 9 кандидаты Парламент Мәжілісіне өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығарады.