Қазақстан футзал құрамасы “2020 жылдың үздік ұлттық құрамасы” атағына үміткер

0
336

Futsalplanet Awards халықаралық сыйлығының ұйымдастырушылары “2020 жылдың үздік ұлттық құрамасы” номинациясы бойынша лауреат атағына үміткерлерді атады.

2020 жылғы “Үздік құрама” атағына Аргентина, Бразилия, Чехия, Қазақстан, Марокко, Португалия, Ресей, Сербия, Испания және Венесуэла командалары үміткер.

Қазақстан құрамасы футзал тарихында үшінші рет номинанттар қатарына енді. Соңғы рет бұл номинацияда 2019 жылы Бразилия құрамасы 8-ші рет жеңімпаз атанған.

Бұдан бөлек алматылық АФК “Қайрат” қақпашысы Леонардо Де Мело Виейра Лейте (“Higuita” – “Игита”) “Әлемнің үздік қақпашысы” номинациясына үміткер.

Онымен қоса ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Пауло Рикардо Фигейра Сильва (“Kakà” – “Кака”) “Әлемнің үздік ұлттық құрама жаттықтырушысы” номинациясынан үміткер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз