Педофил, экстремист, лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады

0
25
photo: forpost

Мәжіліс халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Құжаттарда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға келуін, сондай-ақ ел азаматтығын алуын шектеу ұсынылады.

Сонымен қатар экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады.

Бұдан бөлек, мәжілісте төтенше жағдай кезінде мерзімі өтіп кеткен құжаттар жарамды болуы туралы заң да сенатқа жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз