Жаңа түнгі студияда Нұрлан Қоянбаевқа имам Нұрлан Байжігітұлы (Нұрлан имам) сұхбат берді. Сұхбат барысында имам өзінің полиглоттық қабілетімен бөлісті, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.
Сұхбат кезінде Нұрлан имам, Мәскеуде Крокус Сити Холлда 7500 адаммен кездесу өткізілетіні туралы мәлімдеді. Ұйымдастурышы – қырғызстандық «Манас» қоғамдық қоры. Мәскеудегі иммигрант қырғыздарға жасалған сауалнама жауабы арқылы Нұрлан Байжігітұлы спикер ретінде таңдалып, ұйымдастырушылардан ресми шақырту алған.
Студия жүргізушілері тарапынан өзге тілде уағыз айту туралы сұраққа, Нұрлан имам кідірмей жауап берді.
«Енді Қырғызстанның азаматтары көп болғандықтан, маған Крокус Сити Холлда жарты сағаттан көп уақыт берді. Сол жерде қырғызша “сөйлөп қоя беребиз” бұйырса. Одан кейін Өзбекстаннан келеді екен, “өзбекча хәм гапирамиз” құдай қаласа. Одан кейін көрші мемлекет болғандықтан орысша “будем завершать”», – деп имам әзіл араластырып жауап берді.
Ал түрікше және ағылшынша туралы сұраққа:
«Түрік ағайындар болса “konuşacaktık, ama yoktur onlar şimdi orda” (сөйлесер едік, дегенмен олар жоқ), ағылшынша “yes, yes, yes”», – деп әзілдесті Нұрлан имам.
Осылайша имам өзінің қырғызша, өзбекше, орысша және түрікше еркін сөйлей алатынын көрсетті. Бұдан бөлек имамның арабшаны да білу ықтималдығы бар.