Қытайдың Ухань қаласында өздігінен жүретін аспалы пойыздар қатынай бастады

0
530

Монорельспен жүретін көлік 200 жолаушыны тасымалдай алады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі 24.kz сілтеме жасап.

Терезелері мен едені шыныдан жасалған. Жылдамдығы сағатына 60 шақырымға дейін жетеді. Сынақтан өткізіп жатқан көлікті, жылдың соңында іске қосады. «Мұндай көліктерді қалада таптырмас әрі ыңғайлы қатынау құралы ретінде пайдалануға болады»,- дейді мамандар.  

Ван Кечен, бас конструктор:   – Ең алдымен, метромен салыстырғанда аспалы көлікті салуға 4-5 есе аз қаражат жұмсалады. Екіншіден, инфрақұрылымын едәуір тез салуға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз