Президент жарлығымен Алексей Цой қызметінен босатылды

0
255
Алексей Цой. Photo: primeminister.kz

20 желтоқсан дүйсенбіде президент Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қызметінен босатты. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды”- делінген сайттың құқықтық актілер бөлімінде.

Естеріңізге сала кетейік, Алексей Цой бұл қызметте 2020 жылдың 25 маусымынан бері жұмыс атқарды. Ол, істі болған Елжан Біртановтың орнына келді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз