18 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда 24 адамның есімі ел атауымен аталған. Бұл туралы Ranking.kz сайты хабарлады.
Қазақстан есімді азаматтардың көбі Ақмола облысы (6 адам) мен Нұр-Сұлтанда (6 адам) тұрады. Одан кейін Қарағанды облысында (4 адам), Қостанай облысында (3 адам), Шымкент қаласында (2 адам), Алматы обылсында (1 адам), Батыс Қазақстан (1 адам) және Маңғыстау облысында (1 адам) тұрады.
Бұдан бөлек Қазақстандағы ірі қалалардың құрметіне қойылған есімдер де бар. Елде 28 адамға Семей, 21 адамға Алматы, 18 адамға Түркістан, 15 адамға Атырау, 14 адамға Тараз, 12 адамға Қостанай, 11 адамға Ақтау, 10 адамға Нұр-Сұлтан, 3 адамға Шымкент, 1 адамға Ақтөбе және 1 адамға Талдықорған есімін қойған.
1 қазандағы мәлімет бойынша Қазақстан халқының саны 19,1 миллион адамға жетті.