Әрбір қазақстандық жылына неше кг балмұздақ жейді?

0
606

Әр қазақстандық орта есеппен жылына 2,4 кг балмұздақ тұтынады. Ресейде бұл көрсеткіш жылына 2,6 кг жоғары. Бұл туралы “Шин-Лайн” компаниясының балмұздақ санатының директоры Дмитрий Докин мәлімдеді.

“Скандинавия елдерінде балмұздақ тұтыну деңгейі жылына шамамен 10 кг болса, Италия, Франция және Испанияда – шамамен 5 кг. Тәттілерді тұтыну деңгейі әр елдің тұрғындарының сатып алу қабілетіне байланысты екенін есте ұстаған жөн”, — деді Дмитрий Докин.

Оның айтуынша, Қазақстанда балмұздақ пен мұздатылған десерттер нарығы жылына 3%-ға өсуде.

“2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда компанияда өсім бар  –  “Шин-Лайн” балмұздағының сатылымы табиғи сипатта 20%-ға артқан және ақшалай түрде 30%-ға өсті. Сонымен қатар, “Шин-Лайн” балмұздағының экспорты ақшалай көріністе 2,23 есеге артты. Ал компанияның кірістер құрылымындағы экспорт үлесі 7% -дан 12% -ға дейін өсті”,- деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз