Жақында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтеді

0
100
Ерлан Қарин

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі, Ұлттық кеңес хатшысы Ерлан Қарин айтты.

Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

“Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы шамамен 6 қыркүйекте өтеді. Қазіргі уақытта алғашқы кеңейтілген отырысқа қызу дайындық жүргізіліп жатыр”, – деді “Nur Otan” партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысынан кейін Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, осы жылдың шілде мен тамыз айларында Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында Ұлттық кеңеске мүшелікке енген азаматтармен кездесу өткізілген. Сондай-ақ, талқылау барысында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысының алдында ұйымдастырушылық жиынды өткізу келісілген.

“Ішкі сұрақтарды – Ұлттық кеңес жұмысының жалпы регламентін, жұмыс топтарын құру мәселелері мен құрамын талқылау үшін алдын ала жиын өтеді. Ұйымдастырушылық жиын 28 тамызға жоспарланған”, – деп түсіндірді Ерлан Қарин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз