ҚР Президентінің жүлдесіне БАҚ арасында шағын футболдан турнир өтеді

0
126

30 тамызда Нұр-Сұлтандағы “Астана Арена” стадионында ҚР Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді.

Турнирдің мақсаты – БАҚ қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту.

Жарысты ұйымдастырушы: ҚР Президентінің Баспасөз қызметі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Жарыстың өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы, “Астана Арена” стадионы;

Жарыстың жалпы ережесі:

– Жарыс 2019 жылдың 30 тамызында, “Астана Арена” стадионында өтеді.

– Турнирге еліміздің БАҚ өкілдерінен құралған шығармашылық топ командалары қатыса алады.

– Турнирге барлығы 32 команда қатыса алады, өтініштерді қабылдау мерзімі 2019 жылдың 27 тамызына дейін.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар, сондай ақ, арнайы номинациялар бойынша үздік атанған ойыншылар үшін қаржылай сыйлық бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз