Ресей Қазақстанмен шекарасындағы шектеулерін алып тастайды

0
340
Ресей Қазақстан шекарасы. Photo: Caspian Life

Ресей 30 наурыздан бастап Қазақстанмен шекарасында коронавирусқа байланысты енгізген барлық шектеуді алып тастайды. Бұл жөнінде 24 наурызда Ресейдің коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Штаб мәліметінше, 30 наурыз түнгі сағат 00-ден бастап екі мемлекет азаматтары Ресей-Қазақстан шекарасынан еркін өте алады. Ақпаратқа қарағанда, Ресей Моңғолиямен де шекарасын қайта “ашпақ”.

Ресей Қазақстанмен шекарасын 2020 жылы 30 наурызда коронавирусқа байланысты жапқан еді. Осыған дейін тек бірқатар топтар ғана шекараны кесіп өте алған. Қазірге дейін екі ел арасында әуе қатынасы ғана қалпына келген. Ал темір жол қатынасы әлі тоқтап тұр.

9 наурызда Ресей Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзербайжан, Армения және Иранмен коронавирусқа байланысты әуе қатынасына енгізген шектеулерін алып тастаған еді. Бұл шектеу 2020 жылдың 27 наурызында енгізілген.

Дегенмен кейінгі кезде Украинадағы соғысқа байланысты Қазақстан мен Ресей арасында әуе қатынасы баяулаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз