Сәттілікті не өлтіреді?

0
168
дереккөзден

Сәттілікке селкеу түсіретін жағымсыз әдеттер адам өмірінде үлкен кедергілер тудыратыны ақиқат. “Бизнес мотивация” тобы сәтсіздікке душар ететін адам бойындағы келесі қасиеттерді атайды.

1. Тез шешім қабылдау

Адамдардың басым көпшілігі оқиғаның қалай өріс алатынына алдын ала болжам жасап, өздерінің қате түсініктеріне сүйене отырып, әрекет етеді. Әдетте өмір тосын сыйларға толы екенін ескерсек, асығыс шешімге илігуге болмайды. Сондай-ақ, адамдардың жасаған әрекетінің себебін білемін, алда не жасайтындарын да біліп тұрмын деу де артық әрекет. Бұл өз кезегінде кикілжіңге әкеп соқтырады.

2. Оқиғаны шиеленістіру

Психологтар болмашы жайттарды қатты көңілге алмауды, “түймедейден түйедей” шешім шығармауға шақырады. Мұның салдары адамның көңілін алаңдатып, жанына тыныштық бермеумен аяқталады.

3. Стереотиптер құру

Кез келген нәрсеге кесіп, пішіп нақты шешім шығару үлкен адасушылыққа әкеледі. Ақиқатында, әлемде қызық жайттар өте көп, мұндай жайттар бастапқыда солғын көрінгенімен, түптеп қарайтын болсақ, оның да өзіне тән әлеуеті болуы әбден мүмкін. Сондықтан, барлық жағдайға тек бір тұрғыдан қарау жөн әрекет емес.

4. Барлығын “ақ және қараға” бөлу

Шындығында өмір сан түрлі бояуға қанық. Өмірде еш кемшіліксіз жұмыс немесе мінсіз достар мен қарым-қатынас болмайды. Қолда барға қанағат ету – үлкен өнер.

5. Барлығына жалпылама қарау

Адамдар өздерінің қателіктері мен жеңістеріне себеп, әлеует іздей бастайды. Ақиқатында бірнеше рет орын алған жағдай немесе сәтсіздік ештеңеге дәлел бола алмайды. Әр оқиғаның өзінше құнды тәжірибе екендігін естен шығармаған жөн.

6. Барлығын жүрекке жақын қабылдау

Психологтар жағымсыз жаңалықтарға, көршіңіздің сырқатына я болмаса, әріптесіңіздің сәтсіздігіне бола уайымдамауға шақырады. Оқиғаны қабылдаңыз, қолғабыс етіңіз, бірақ уайымдамаңыз.

7. Аяқ астынан туындаған эмоцияларға ерік беру

Адамның сезімі өзінің қабылдауына қатысты жеке пікірінен туындайды. Ол әрдайым дұрыс бола бермейді.

8. Құлазу

Сәттілік жолдас болу үшін оптимист болу қажет. Әдеттегі сөз болса да, ақиқаты осы. Жақсылықтан күдерін үзбеген жан оған қол жеткізеді. Құлазу мен кереғар сезімдерде жүретін жандар өздеріне берілген мүмкіндік пен сәттілікті байқамай қалып жататындығы өкінішті.

9. Барлығын белгілі бір ережемен жасау.

Адамдардың басым көпшілігі өздеріне мүмкіндік бермейтін, табысқа жеткізбейтін кедергілерді өз ойларында өздері құрады. Кедергі жоқ жерден, кедергі ойлап табудың қажеті жоқ.

10. Өткенді қопару

Өткенді өз жөніне қойған жөн, өзінің және өзгенің қателігін кешіру қажет. Таза жүрекпен еркін өмір сүру керек. Жүректе өткен күннің өкініші мен сәтсіздігін ұстау опа бермейді.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз