Ең үздік смартфонның нарықтағы құны қанша

0
112
OnePlus6

Business Insider порталының сарапшы мамандары 2018 жылы шығарылған ең үздік смартфондар тізбесін атады. Аталған тізбеде ең үздік смартфон болып Қытайда шығарылған OnePlus 6 танылды.

Аталған смартфонның басты ерекшеліктері – өте сапалы камера, Qualcomm Snapdragon 845 процессоры, 6 гигабайт операциялық жады. Мамандар сондай-ақ, гаджетке жылдам қуат алатын аккумулятор орнатылғанын да мәлім етті. Құрылғыға бұдан өзге  Oxygen OS (Android нұсқасының) атауындағы ерекше нұсқа орнатылған. Смартфонның жаһандық және отандық нарықтағы құны қалай бағаланған?

stevsky.ru ақпараттық-технологиялық порталының ақпарына сәйкес, OnePlus 6 смартфоны Еуропада 529 долларға (190 мың теңге) бағаланса, Қытайдың өзінде 503 доллар (180 мың теңге) тұрады.

Ресейде аталған смартфон 48 мың рубль шамасында бағаланған.

Қазақстанда аталған смартфон құны түрліше. Аlfa.kz-те OnePlus 6 64 GB – 189 990 – 199 100 теңге аралығын құраса, аталған смартфонның 128 GB 209 990-нан 220 мың теңге аралығындағы бағаны көрсетеді. Mechta.kz ақпарына сәйкес, ONEPLUS 6 64GB (Mirror black) құны 269 990 теңге, ал 128 GB 299 990 теңге көлемінде.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз