Ютубта контент жасаймын деген адам ең алдымен өмірде неге қызығады және өзі ютубтан қандай контент көреді соған мән беруі тиіс. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Qazforum-да Nurmukhan каналының авторы Нұрмұқан Мұқанұлы айтты.
“Адам өзі қызығатын дүниені контент ретінде ұсынғаны жөн. Бір тақырыпқа қатты қызығып, сол туралы дүниелерді күні-түні қарап жүрген адам cол салада өз көзқарасымен сапалы дүниелер ұсына алады”, – деді ол.
Нұрмұқан Мұқанұлы Youtube-тағы тәуелсіз каналдардың жарнама тіліне шектеу қоюға келіспейтінін жеткізді. Шектеуді тек мемлекеттік каналдарға қоюға болатын шығар дейді ол.
Еске салайық, жұма күні Нұр-Сұлтанда онлайн-қазақша контент жасаушылардың форумында (Qazforum 2021) қазақ тілін дамытуға бағытталған стартаптар жарысы өтіп жатыр.