Нұр-Сұлтанда мектеп көшбасшылары бас қосты

0
579

5 қарашада Нұр-Сұлтанда “Білім-Инновация” және “Білім Орда” халықаралық қоғамдық қорына қарасты мектептердің өзін-өзі басқару ұйымының жетекшілері “Көшбасшы-2021” құрылтайында бас қосты.

Аталған шара екі күнге созылады. Іс-шара мектеп президенттеріне қор қызметін таныстырумен басталды. Одан әрмен биылғы оқу жылына арналған спорттық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарын көрсетіп, қор қызметкерлері оқушыларға тренингтер өткізді. Құрылтайда көшбасшыларға танымдық саяхаттар, интелектуалдық ойындар және түрлі сыйлықтар табыстау жоспарланған. Бұл жиналыс осымен төртінші мәрте ұйымдастырылуда.

“Бұл құрылтайда балалар бір-бірімен тәжірибе алмасады. Балалардың әр түрлі дағдыларын дамыту мақсатында өз саласының ең мықты мамандары өз іс-тәжірибелерімен бөлісетін болады”- дейді “Білім-Инновация” халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті Нұрбол Төлебаев.  

Аталмыш шара дəстүрлі түрде жылына бір рет өткізіліп тұрады.  

““Көшбасшы-2021” құрылтайы – бүгіннен бастап ел мүддесі үшін атқарылуы тиіс тұлғалық қасиетті айқындауға, Отан алдында адал қызмет атқару және ұлтты сүю сынды патриоттық сезімді оятып, жігер беретін рухты шараның бірі”,- делінген қоғамдық қордың хабарламасында.

Екі күндік құрылтай аясында қатысушылар өзара пікір алмасып, іс-тəжірбие арқылы көшбасшылық қабылеттерін ұштайды. Сондай-ақ, мектеп лидерлері форумға шақыртылған арнайы қонақтармен кездесіп, сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болады. Атап айтар болсақ сенат депутаты Дана Нұржігіт, білім жəне ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, Brave Talents жəне Brave Engineering компанияларының басқарушысы Алмас Жали және Ustaz Upgrade директоры Нұрлан Иманғалиевпен кездесу жоспарланған.

Құндылыққа негізделген мектеп дəстүрі бойынша тәрбиелік жағынан мектеп президенттерімен бірге “артыңнан мал қалғанша тал қалсын” деген ата салтты мансұқ етіп ағаш отырғызу іс-шарасы жүзеге асады. Сонымен қатар “Білім Инновация” ХҚҚ ұйымдастырушылары мектеп лидерлеріне арнайы Малькольм Гладуэлланың “Гений и Аутсайдеры” кітабыннан викторина өткізеді. Үздік шыққанға AirPods құлаққабы сыйға беріледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз