Бүгін сенат отырысында жоғарғы соттың судьяларына байланысты шешім қабылданды. Нәтижесі бойынша үш судья қызметінен босатылды.
Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитетінің төрағасы, депутат Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы, Жоғары сот судьяларын қызметінен босатуға ұсынылған кандидатураларды қатал бақылап, қарау нәтижесінде әрқайсысы бойынша қорытынды нәтиже шығарылғанын мәлімдеп, оларды орындарынан түсуіне байланысты, қызметтерінен босатуды ұсынды.
Шешім ашық дауыс беру арқылы әр кандидатураға жеке шығарылды. Дауыс беру нәтижесі бойынша аталған судьялар қызметінен босатылды.
Қызметінен босатылған судьялар:
- Баймаханов Сембек Үдербайұлы
- Ыбыраев Өміртай Жаңғырбайұлы
- Сүлейменова Ұлболсын Аждарқызы
«Әріптестеріміз өздеріне жүктелген жауапкершілігі мол міндетті абыроймен атқарды. Алдағы уақытта барлық істеріне сәттілік тілейміз», – деді сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.