Қазақстанда 303 мың адам психикалық кеселмен есепте тұр – дәрігер

0
100
photo: Pixabay

Оның айтуынша, орталыққа кеңес алуға келген барлық азамат жайлы ақпарат құпия сақталады.

76 мыңға жуық науқас ақыл-ой кемістігі, 58 мың тұрғын органикалық психикалық бұзылыстары, 44 мың науқас шизофрения, сандырақтау сияқты дертпен тіркелген.

«Психобелсенді заттарды тұтынған науқастардың жүрісінде, психикасында бұзылыс пайда болады. Оның бірнеше түрі бар және ағзаға зияны өте орасан зор. Полиорганды патология шақыруы мүмкін, ағзаның улануы, ең бастысы науқас оған тәуелді болып, құлына айналады. Синтетикалық есірткіні күнде іздейді. Сатып алу үшін түрлі айла-амалға барады. Сандырақтайды. Түрлі елес көріп, өзінен-өзі үркіп, психикалық ауыр соққылар алады. Сондықтан бұл — өте қауіпті кесел», – дейді Нәби Есімов.

Маманның сөзінше, есірткіге тәуелді науқастардың басым бөлігі — 25 жасқа дейінгі жастар.

Айта кетейік, Қазақстанда қалалық, облыстық психикалық денсаулық орталықтарында 303 284 адам динамикалық бақылауда тұр.

Оның 200 мыңға жуығы (195299) психикалық, 35,6% (107985) наркологиялық дертке шалдыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз