Шымкентте алғаш “адалдық дүкені” ашылды

0
270

Шымкентте алғаш “адалдық дүкені” (Integrity Shoр) ашылды. Бұл туралы жергілікті мемлекеттік қызмет және жемқорлықпен күрес агенттігі хабарлады.

Дүкенді ашу туралы бастаманы Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті қолдаған. “Адалдық дүкенінде” әркім өз-өзіне қызмет етеді.

“Мұнда мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті тауар түрлерін таңдап алып, сатушылардың орнын алмастыратын арнайы жәшіктерге алған затының ақшасын қалдырады. Дүкенде сатушылар жоқ, тұтынушылар адалдық принципін негізге ала отырып, қажетті тауар түрін сатып алады. Мұндай дүкендердің пайда болуы жастардың бойындағы адалдық, әділдік, өзін-өзі дамыту қасиеттерін өсіруге бағытталған “, – деп мәлімдеді агенттік.

Бұдан өзге агенттік аталған факторлар “сыбайлас жемқорлық иммуниетіне” де тікелей әсер етенінін хабарлайды. Департаменттің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы Ерғали Жұмабаев жобаның басты мақсаты – қоғамда өзара сенімді ақырындап орнықтыру әрі жас студенттердің өздерін адал, әділетті тұлға ретінде қалыптастыруына мүмкіндік беру дейді.

“Әділдік дүкендерін” қаладағы өзге де колледждер мен ЖОО-да ашу жоспарланып отырғандығы хабарланады.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз