“Бомба қойылды” деген хабарламадан соң журналистер эвакуацияланды

0
166
Алматы. Республика алаңы

22 қараша күні Алматыда “бомба жасырылған” деген хабарламадан кейін Республика алаңындағы №13 ғимараттан адамдарды эвакуациялады. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Азаттық радиосының хабарлауынша, ғимаратта бірнеше телеарна, радио мен басқа да ақпарат құралдарының редакциялары орналасқан.

КТК телеарнасының ақпаратына сүйенсек, редакцияға бүгін әлдекім қоңырау шалып, “жарылғыш зат қойылғанын” хабарлаған. Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек тексеру басталғанын және кім қоңырау шалғаны анықталып жатқанын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз