Шымкенттегі мейрамханада ер адам әйелін пышақтады

0
107
дереккөзден

Шымкенттегі мейрамханалардың бірінде ер адам мас күйінде өз әйелін пышақтаған. Төтенше жағдай 25 қаңтар сағат түнгі 12-ге таман болған, деп жазады elitar.kz.

Шымкент қаласы полиция департаменті аталған жайтты растады.

Мейрамханаға дәрігерлерді оқиғаға куә болғандар шақырған. Ақ халаттылар зардап шеккен әйелді бірден емханаға жеткізіп, шұғыл операция жасаған.

“Әйел қарнынан пышақ жарақатын алған. Жағдайы өте ауыр болып түсті. Операция жасалды. Жағдайы ауыр болғандықтан, реанимацияға жатқызылды”, – деп мәлімдейді №1 қалалық клиникалық емхананың дәрігері Сәбит Байбосынов.

Айқын болғандай, әйелдің жасы 49-да.

“Күдіктінің кім екені анықталды. Қазір іздеу шаралары жүріп жатыр”, – деп хабарлады Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Әсел Саденова.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз