Бразилияда су бөгеті бұзылып, 50 адам қаза тапты (видео)

0
217
Бразилияда қираған су бөгеті. Сурет: Guardian

Бразилияның Минас-Жерайс штатында су бөгеті бұзылып, 50 адам қаза тапты. Тағы 200 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті.

Оқиға Брумадиньо қаласына жақын жердегі кен орнында болды. Жергілікті тау-кен компанияларының біріне тиесілі бөгет кеннен шыққан қалдықтарды ұстап тұрған. Апат кезінде кен орынында 300 жұмысшы болған. Бұған қоса, бөгеттен аққан лай-батпақ Вила Фортек мекенінің жартысын басып қалған. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Жақын маңдағы тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Апаттың себептері анықталуда.

Еске сала кетейік, 2015 жылы да дәл осы аймақта тағы бір су бөгеті бұзылып, 19 адам опат болған еді.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз