Шымкентте ерлі-зайыптыны өлтіріп кетті

0
103
Фото: otyrar.kz

5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түні Шымкенттегі Байтұрсынов көшесі бойындағы аудандағы жекежайда ерлі-зайыпты өлтірілген. Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Өлтірілген ерлі-зайыптыға қатысты Шымкентте ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы бойынша сот ісі басталды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

Қаза тапқандардың көршілерінің сөзінше, ерлі-зайыптыны әлдекім атып кеткен, бірақ оқтың даусы естілмеген. Нақтыланбаған ақпарға сәйкес, қылмыс болған сәтте үйде олардың немерелері болуы ықтимал.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз