Түркістанда 1200 пәтерлі үй қолданысқа беріледі

0
101

Оқи отырыңыз: Түркістанда баспана бағасы неліктен шарықтап барады?

Түркістан қаласында жалдамалы баспаналар көптеп салынуда. Биыл жыл соңына дейін шаһарда «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 1 мың 200 пәтерлі 20 көп қабатты арендалық тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Іргетасы өткен жылдың қыркүйек айында қаланып, мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатқан үйлердің алды осы көктемде беріле бастайды. Бұл баспаналар алдымен тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға, көп балалы және толық емес отбасыларға, баспанаға мұқтаж жандарға, ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен бюджеттік сала қызметкерлеріне үлестіріледі.

Қазір шаһардағы «Отырар» шағын ауданында салынып жатқан тұрғын үйлердің көбінің төбесі жабылып, ішкі монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы тартылып, абаттандыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз