Павлодар облысында бір отбасы иіс тиіп көз жұмды

0
75
дереккөзден

Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында екі ересек адам мен екі бала көз жұмды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

Қайғылы жағдай 7 ақпан күні екі пәтері бар тұрғын үйде болған. Үйдегі пештен шыққан ақау салдарынан иіс тиіп, ер адам мен әйел адам және 2004 пен 2007 жылдары дүниеге келген екі бала көз жұмды деп хабарланады.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпарына сәйкес, әйел жүкті болған, 2019 жылдың 31 қаңтарынан аудандық емханада кезекте тұрған. 5 ақпанда әйелдің азаматтық некеде тұрған жұбайы Қарағанды облысы Осакаровка ауданынан отбасын көріп кетуге келген.

“Үйде 2004 және 2007 жылы дүниеге келген екі сәби болды. Пешпен жылытудан иіс тиіп,  уланды деген болжам бар. Жедел жәрдем төрт адамның демі үзілгенін растады. Әйелдің тағы екі баласы бар, олар Баянауыл ауданындағы ауылда колледжде оқиды. Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімі екі баланы өз бақылауына алады”, – деп хабарлайды басқарма.

Еске салсақ, 4 ақпанда Астанада үйде болған өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмған еді. Ата-аналары жұмыста болған.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз