Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін жылы қабылдады. Бұл туралы Түркі Кеңесінің бас хатшысы құттықтау хатында мәлімдеді.
Құттықтау хаты «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды.
Бас хатшы Қазақстанның осындай тарихи шешім қабылдауы түркітілдес халықтардың және мемлекеттердің әлеуметтік, мәдени және экономикалық байланыстарына оң әсерін тигізетінін атап өтті.
«Түркітілдес елдердің Ынтымақтастық кеңесі Қазақстанның латын графикасына көшу туралы шешімін жылы қабылдады. Қазақстан Түркі Кеңесінің мүшесі ретінде бұл тарихи шешімді қабылдай отырып түркітілдес халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара әлеуметтік, мәдени және экономикалық қатынастарды жоғары деңгейге көтереді. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал басшылығымен қабылданған шешім елдің маңызды қадамы болып табылатынына сенімдіміз, ол Қазақстанның әлемдегі байланыстарының кеңеюін жеделдетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Рамиль Хасанов.
«Осыған орай, Түркі Кеңесінің атынан және өз атымнан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты және бауырлас қазақ халқын шын жүректен құттықтаймын, осы тарихи үдерісте үлкен жетістіктер тілеймін», – деп мәлімделеді құттықтау хатында.
Сабина Сайлаубай