Түркіменстан президентінің Тәжікстанға ресми сапары

0
77

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов 2 қарашада Тәжікстанға екі күндік мемлекеттік сапармен келді деп хабарлайды Түркіменстан президентінің баспасөз қызметі.

Душанбе халықаралық әуежайында Г. Бердімұхаметовты Тәжікстан премьер-министрі Кохир Расулзода, Душанбе қаласының басшысы Рустами Эмомали және өзге де ресми тұлғалар қарсы алды.

Кейіннен Душанбеде тәжік-түркімен келіссөздері жоғары деңгейде өтті, келіссөздер қорытындысы бойынша 13 екіжақты құжатқа қол қойылды.

Тәжікстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тәжікстан  мен Түрікменстан Республикасының президенттері екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ өзара мүдделі халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылады.

Мемлекет басшылары қазіргі кезеңде екі жақты ынтымақтастықтың саяси, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық және басқа да салаларында Тәжікстан мен Түрікменстан арасындағы өзара іс-қимылдың тұрақты оң әлеуетін атап өтті. Аталған қарым-қатынастарды дамытудың басты қағидаттары – достық, теңдік және өзара құрмет деген пікір айтылды.

Экономикалық тақырыпқа тоқтала келе, екі елдің президенттері қос мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруға мүдделілік танытып, оның келешегі зор бағыттарды анықтау мен жүзеге асыруда одан әрі ынталандыру ниетін білдірді.

Бұдан өзге екі ел арасындағы тауар айналымы көлемінің төмендеуі байқалғаны аталды, ол ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 32 млн. АҚШ долларын құраған.

Тараптар аймақтағы ірі көлік жобаларының бірі болып табылатын «Тәжікстан-Ауғанстан-Түркіменстан» темір жолының құрылысын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшылары су-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайында талқылады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз