Д.Трамп Путинмен ASEAN саммитінде кездеседі

0
46

АҚШ Президенті Дональд Трамп Вьетнамда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті аясында РФ Президенті Владимир Путинмен кездесуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Дональд Трамп «Бұл өте маңызды сапар болмақ. АТЭЫ саммиті аясында Путинмен кездесуіміз мүмкін… бұл өте маңызды кездесу. РФ бізге Солтүстік Корея және Сирия мәселесіне байланысты көмек көрсетуі мүмкін. Сондай-ақ Украйна мәселесін де талқыға салуымыз қажет», деп мәлімдеді.

Ресей және АҚШ президенті қатысатын АТЭЫ саммит басшыларының кездесуі қарашаның 6-11 аралығына жоспарланып отыр.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік бойынша Ақ үй жетекшісі Герберт Макмастер Путин мен Трамптың кездесу мәселесі әлі нақтыланбағанын айтқан болатын.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз