24 ақпан күні Бәйдібек аудандық ПБ-не Жүзімдік ауылынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Арыстанды өзенінің бойында жергілікті тұрғынның жоғалғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды kazaknews.kz
Іздеу жұмыстарына 100-ге тарта адам жұмылдырылды. Оның ішінде полиция, сүңгуірлер, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары мен жоғалған адамның туыстары да бар.
Оған қоса дрон аппаратының көмегімен 40 км шақырымдай жерге шолу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Аталған жайт бойынша полиция “Адам жоғалу” дерегімен қылмыстық іс тіркеген.
Су қоймасындағы суды азайту мақсатында арнайы техникалар жұмылдырылып, қосымша арналар қазылып жатыр.