Маңғыстауда 24 мың адам автобуста тегін жүреді

0
91

Маңғыстауда 24 мың адам қоғамдық көлікте тегін қатынайды. Азаматтар ақысыз жүру куәлігін 12 санат бойынша алған, деп хабарлайды kazaknews.kz тілшісі.

Тұрғындарға берілетін жеңілдік пен автобус санын көбейту жұмысы жалғасып жатыр.

Халықтың бұл қажеттілігін өтеу үшін жыл соңына дейін аймаққа 120 жаңа автобус жеткізілмек.

«120 автобустың 70-і осы Ақтау қаласының ішіне, қалған 50-і ауданаралық маршруттарға қатынайды деп жоспарлап отырмыз. Ақтау қаласын толық қамтамасыз етеміз, ал аудандарды 80 пайызға жеткіземіз деген жоспар бар»,- дейді Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Адайбек Қалиев.

Жалпы Ақтаудағы автобустарда жолаушылар 12 санат бойынша тегін тасымалданады.

Соның алты санатындағы тұрғындар қалалық тасымалдаушылардың есебінен жүреді. Тағы алтауының шығынын өтеуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген.

Тегін жүретіндер қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы аналар, шаһардың құрметті азаматтары, соғыс және тыл ардагерлері бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз