Маңғыстаулық жас дзюдошылар халықаралық жарыстан жүлделі оралды

0
141

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының жас балуандары Алматыда дзюдодан 2008-2009, 2010-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен Titan Judo Cup халықаралық турнирiнде жүлделі орын алды, деп хабарлайды kazaknews.kz.

Мықтылар бақ сынаған жарыста Құрық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары Аружан Сарсенова II орын, Қайсар Ізтаңат II орын, Нұрасыл Баймағанбетов II орын алды.

“Осы уақытқа дейін дайындаған еңбегіміз еш кетпей, спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетті. Жасөспірімдер үшін бұл жарыс үлкен тәжірибе болды. Жаттығуды одан әрі үдетіп, бұдан да биік белесті бағындыруға тырысамыз”, – дейді спортшылардың бапкері Марат Бекбатыров.

Үш күнге созылған жарысқа өңірлер бойынша 2300 спортшы және Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан құрама командалары да қатысқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз