Тоқаев әйелдердің зейнет жасына байланысты заңға қол қойды

0
154
Наразылыққа шыққан әйелдер.

26 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61-ден асырмайтын заңға қол қойды. Бұл жөнінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңда көрсетілген.

Енді әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жастан аспайтын болды. Жаңа заң бойынша әйелдер 2028 жылға дейін зейнетке 61 жаста шығады.

Бұдан өзге бала күтімі үшін белгіленген мерзім 1,5 жылға дейін ұзарады және зейнетақының ең төменгі базалық бөлігін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғары базалық бөлігін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 120 пайызына дейін біртіндеп көтеру қарастырылған.

Бұл өзгерістердің болатыны жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қыркүйектегі жолдауында айтқан.

Осы жылы Қазақстанның түрлі қалаларында әйелдердің зейнет жасын көтермеу, 58 жасқа түсіру туралы талап қойған митингілер өткен.

Қазіргі қолданыстағы заңда әйелдердің зейнет жасын біртіндеп көтеріп, ерлермен қатар 63 жасқа жеткізу көзделген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз