Бүгін Алматыда шахматтан әлем чемпионаты басталды

0
134

26-30 желтоқсанда Алматы қаласында рапид және блиц шахматтан әлем чемпионаты өтеді. Турнир ФИДЕ аясында өткізіледі, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Қазақстандық шахмат федерациясына сілтеме жасап.

Жарыс Балуан Шолақ спорт және мәдениет сарайында өтеді. Жүлде қоры 1 млн долларды құрайды.

176 ойыншы ашық турнирлерге қатысады. Әйелдер турниріне 98 шахматшы қатысады.

Чемпионаттың жеңіске үміткерлері қазіргі әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия, желтоқсандық тізімдегі рейтингі 2859, Хикара Накамура (АҚШ, 2768), Фабиана Каруана (АҚШ, 2766), Ян Непомнящий (FIDE, 2793), Аниш Гири (Нидерланд, 2764), Александр Грищук  (ФИДЕ, 2745), Шахрияр Мамедьяров (Әзербайжан, 2740), Ян-Кшиштоф Дуда (Польша, 2729), Юй Янъи́ (Қытай, 2728), қазіргі чемпион Максим Вашье-Лаграв  (Франция, 2737 – Блиц), сонымен қатар басқа да атақты шахматшылар қатысады.

шахматтан әлем чемпионы Магнус Карлсеннің Алматы халықаралық әуежайында ұшақтан түскен сәті, фото: kazchess.kz

Әйелдер арасында Александра Горячкина  (ФИДЕ, 2584), Катерина Лагно (ФИДЕ, 2563), Хампи Конеру (Үндістан, 2572), Тан Жонгуй (Қытай, 2518), Нана Дзагнидзе (Грузия, 2517), Харика Дронавали (Үндістан, 2507), Жансая Абдумалик (Казақстан, 2496), Сарасадат Хамедальшарьех (Иран, 2490), Антоанета Стефанова  (Бұлғария, 2442), қазіргі чемпиондар Александра Костейнюк (ФИДЕ, 2520 – рапид) және Бибісара Асаубаева  (Казахстан, 2440) сияқты мықты шахматшылар ойнайды.

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева. Photo: The Astana Times

Ашық чемпионатқа қатысу үшін рейтинг 2550 кем болмау керек, әйелдер арасында 2250 кем емес. Сонымен қатар қазіргі ұлттық чемпиондар рейтингтен тыс, ФИДЕ президенті тарапынан 10 номинант, ұйымдастырушылар тарапынан  15 номинант (ашық турнир) және 10 номинант (әйелдер турнирі үшін) қатыса алады.

Әлем чемпионаты туралы толық ақпаратпен worldrapidandblitz.fide.com біріншіліктің ресми сайтында танысуға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз