15 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Рим папасы Францискке домбыра сыйлады. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, Рим папасы елордада өткен діндер көшбасшыларының съезінде домбыра, еліміздің Туы мен Әнұраны, Абай туралы айтқан еді. Сонымен қатар, Қазақстан өзінің тарихы мен құнды дәстүрін сақтауға бейім екенін тілге тиек еткен.
Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының VII съезіне қатысқан Рим папасын президент Тоқаев әуежайдан шығарып салды.