Қазақстан 2027 жылы хоккейден әлем чемпионатын өткізуге дайын – Қ. Тоқаев

0
158
фото: matchtv.ru

15 қыркүйекте мемлекет басшысы Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардифті қабылдады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Ақорда таратқан ақпарат бойынша президент елімізде хоккей спортына қызығушылық артып келе жатқанын, балалар мен жасөспірімдерге арналған хоккей мектептері мен жастар командаларының саны көбейгенін атап өтті. Бүгінде спорттың осы түрімен 14 мың аса адам шұғылданады.

Кездесу барысында спорт инфрақұрылымдарының мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылған. Осы ретте президент еліміздің 2027 жылы әлем чемпионатын өткізуге жолдаған өтінімі 2023 жылы мамырдағы дауыс беру кезінде қолдау тапса, Қазақстанның осы шараны ұйымдастыруға дайын екенін айтқан.

фото: tg/ БОРТ N1

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық хоккей федерациясы өз тарихында Азия құрлығында ешқашан жоғары деңгейдегі чемпионаттар өткізбегенін атап өткен.

Халықаралық хоккей федерациясының президенті кездесуге мүмкіндік бергені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Қазақстанда хоккей спортын дамытуға көңіл бөлініп жатқанын жоғары бағалаған. Сондай-ақ еліміз халықаралық жарыстарды өте жоғары деңгейде өткізуге қажет барлық инфрақұрылымға ие екенін жеткізген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз