21 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев twitter парақшасында қоғамда қызу талқыға түскен заң жобасы туралы пікір білдірді.
Президенттің айтуынша, өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс.
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) January 21, 2021