Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар көбейді

0
293
Photo: Turar Kazangapov

Қазақстанда өткен тәулікте 1 430 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы 22 қаңтарда денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Бір күнде вирус жұқтырғандар ең көп Нұр-Сұлтан қаласы (231 адам) мен Павлодар облысында (235 адам) тіркелді.

Осылайша елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 173 842 адамға жетті:

  • Алматы қаласында – 20 880 (+130),
  • Нұр-Сұлтан қаласында – 20 810 (+231),
  • Шығыс Қазақстан облысында – 19 710 (+41),
  • Атырау облысында – 15 297(+111),
  • Қарағанды облысында – 13 066(+75),
  • Павлодар облысында – 11 249 (+235),
  • Батыс Қазақстан облысында – 10 146 (+61),
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 9 878 (+91),
  • Қостанай облысында – 9 003 (+125),
  • Ақмола облысында – 8 853 (+163),
  • Алматы облысында – 8 537 (+78),
  • Шымкент қаласында – 5 771 (+14),
  • Жамбыл облысында – 5 361 (+19),
  • Түркістан облысында – 3 959 (+13),
  • Маңғыстау облысында – 3 938 (+16),
  • Ақтөбе облысында – 3 868 (+17),
  • Қызылорда облысында – 3 516 (+10).

Айта кетейік өткен тәулікте 1 076 адам дерттен айықты, Қазақстан бойынша жалпы 157 597 адам коронавирустан сауығып шықты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз