«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның үш филиалы қысқы каникулдың соңғы күндерінде пойыздарға 76 қосымша вагонды тіркейтінін, тағы екі пойыз іске қосылатынын хабарлады.
“Жолаушыларды уақытылы жеткізу мақсатында ұлттық тасымалдаушы 2024 жылғы 5 және 8 қаңтарда 76 қосымша тіркеме вагонды іске қосады”, – делінген хабарламада.
«Солтүстік» филиалы 56 вагон, «Оңтүстік» филиалы 13 вагон, «Батыс» филиалы 7 вагонды қосады.
Сонымен қатар биыл 5 және 7 қаңтарда екі қосымша пойыз жолға шығады:
- 5 және 7 қаңтарда Бурабай курортына №6811 «Нұр-Сұлтан 1-Бурабай курорты» электр пойызы сағат 10:10-да аттанады, сағат 13.20-да жетеді.
- Бурабайдан №6812 «Бурабай курорты – Нұр-Сұлтан 1» пойызы сағат 14:48-де жолға шығып, Астанаға сағат 17:54-те келеді.
- 5 қаңтарда Павлодарға Астанадан №7510 «Нұр-Сұлтан 1 –Павлодар» электр пойызы сағат 16:45-те шығып, сағат 23:20-да жетеді.
- 7 қаңтарда Павлодардан №7509 «Павлодар – Нұр-Сұлтан 1» электр пойызы сағат 11:57-де жөнелтіліп, Астанаға сағат 18:49-де келеді. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларында сатып алуға болады.
“Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып, «Жолаушылар тасымалы» АҚ азаматтарға ауа райы жағдайларын ескере отырып, өз сапарын жоспарлауды ұсынады”, – деп атап өтті компания баспасөз қызметі.