Жанармай неліктен арзандады?

0
117

22 қаңтар күні өткен Үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев АИ-92 маркалы бензин бағасының төмендеуін елдегі жанармай профицитімен (артылуы) түсіндірді.


“ҚазіргҚазақстанда бензин профициті байқалады. Ол қаңтардан бастап осылай. Шымкенттегі МӨЗ-де барлық резервуар толды, артық өнім шығару қаупі бар және бүкіл елдегі жағдай осы. Сол себепті біз МӨЗ жұмысын бәсеңдеттік”, – деді министр.

Бозымбаевтың айтуынша, Алматыда жанармай бағасының төмендеуі – нарықтың әсері. Қазақстанда бензин нарығы реттелмейді, сол себепті басқа да өңірлерде бензин арзандауы мүмкін бе деген сұраққа жауап беру мүмкін емес.  ” Бензин бағасы реттелмейді. Шамамен 150 теңге аясында болады деп болжап отырмыз”, – деді министр.

Айта кетейік, Алматы жанармай бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин арзандағаны хабарланды.  Royal Petrol және Petrol Asia сайттарында ең танымал бензин маркасының құны 149 және 147 теңгеден. 149 теңгеде Sinooil бекеттері де сатып жатыр. Мұның алдында АИ-92 барлық бекетте 156 теңгеденсатылған.

Tengrinews хабарлауынша, “ҚазМұнайГаз”-да АИ-92 152 теңгеден сатылуда, бұл баға Helios станцияларында да тұр. “Газпромнефть” орталығындағылардың айтуынша, бензин литрі 156 теңге.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз