24 қаңтарда денсаулық сақтау министрлігі елде 152 058 адамның коронавирустан ем қабылдап жатқанын хабарлады.
Соңғы мәлімет бойынша 150 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан ем алуда. Оның ішінде тек 1 459 адам пневмониядан емделуде. Қазіргі таңда 10 107 пациент стационарда, 141 951 адам амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Коронавирус жұқтырғандардың ішінде 386 адамның жағдайы ауыр, 124 адамның жағдайы өте ауыр және 71 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Қазақстанда 24 қаңтардағы ақпарат бойынша 11340 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Ал 5532 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұдан бөлек коронавирустан 9 адам қайтыс болды.