“Болашақ” ХБО басқарма төрағасы тағайындалды

0
239
Әнуар Жанғозин.

24 қаңтарда президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әнуар Жанғозин “Болашақ” халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Әнуар Жанғозин 1986 жылы дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде “Математика” мамандығы бойынша және “Назарбаев университетінің” магистратурасында “Білім беруді басқару” мамандығы бойынша білім алған.

2008-2011 жылдары “Назарбаев Зияткерлік мектептері” әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы “Назарбаев Зияткерлік мектебінде” математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарған. 2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз