Тоқаев сынаған “Самұрық-Қазына” қоры қызметкерлерінің жартысын қысқартады

0
264
Photo: Tengrinews.kz

24 қаңтарды “Самұрық-Қазына” қоры жаңа ұйымдық құрылымын бекітіп, қызметкерлерінің 50 пайызын қысқартатынын хабарлады. 

“Қор қызметкерлерінің саны екі есе, яғни, 248-ден 124-ке дейін, ал басқарушы қызметтер саны 10-нан 5-ке дейін қысқарады. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге (33%) қысқартылды, “кеңесші” қызметі жойылды. Қордың шетелдегі өкілдіктерін жабу туралы шешім қабылданды”, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар “Самұрық-Қазына” АҚ Басқармасының 24 қаңтардағы шешімімен “Самұрық-Қазына Инвест” ЖШС Бас директоры А. К. Сұлтановтың, “Samruk-Kazyna Construction” АҚ Басқарма төрағасы Б.А. Сандықбаевтың, “Самұрық-Қазына Контракт” ЖШС бас директоры А.Ж. Ақыловтың, “Самұрық-Қазына Бизнес Сервис” ЖШС бас директоры С.К. Елшібековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталды.

Айта кетейік, қор басқасқармасы үкіметке жолданатын реформалау бағдарламасын дайындау мерземдерін бекіткен.

ПРЕЗИДЕНТ “САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА” ТУРАЛЫ НЕ ДЕГЕН ЕДІ?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтардағы мәжілістің жалпы отырысында  қазіргі кезде активі елдің ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына пара-пар “Самрұқ-Қазына” әл-ауқат қоры мен өзге ұлттық компаниялардың жұмысында да көп нәрсе айқын емес деп сынаған.

“Самұрық-Қазына” қоры негізгі міндетін орындап отыр ма? Яғни “ұлттық байлықты еселей алды ма” деген орынды сұрақ туындайды. Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады? Қызметі өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма?” деген президент үкіметке квазимемлекеттік саланы түбегейлі реформалау жөнінде ұсыныстар дайындау жөнінде тапсырма берген.

“Егер “Самұрық Қазына” қорын қайта құру мүмкін болмаса, ел экономикасына мұндай құрылым қажет емес” деген еді Тоқаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз